АЛЛЕРГОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ, СОНЫҢ ІШІНДЕ БАЛАЛАР
«Аллергология және иммунология, оның ішінде балалар аллергологиясы» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке «аллерголог-иммунолог, оның ішінде балалар аллергологы» біліктілігі берілетін сертификат, аллерголог-иммунолог дәрігер ретінде дербес практикалық қызметке рұқсаты бар резидентураны бітіргені туралы куәлік беріледі. Түлектер үш жылдық өтілі болған жағдайда докторантурада әрі қарай оқуды жалғастыруға құқылы.
- Оқыту тілі: қазақ, орыс
- Интернатурада оқу мамандығы: Жалпы практика дәрігері
- Оқыту түрі: күндізгі
- Бұл бағдарлама кімге арналған: интернатура түлектері үшін
- Оқу мерзімі: 2 жыл