2023 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанның экономикалық курсы» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша барлық факультеттердің 1 курс білім алушыларына дәріс өткізді, онда Президенттің білім және медицина саласындағы сайлауалды бағдарламасын іске асыруда қол жеткізілген нақты нәтижелер туралы айтылды.
2023 жылы 10 қарашада «Фармация» кафедрасының оқытушылары және 2-курс студенттерінің қатысуымен «Фармацевтикалық қызметтің маңыздылығы мен міндеті» атты конференция өтті. Конференция мақсаты: білім алушыларға мамандықтың қоғамдағы маңыздылығын көрсете отырып, жұмысқа орналасу орындары мен міндеттеріне бағыт беру.
Білім алушылар конференцияға белсенді қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Конференция соңында кафедра меңгерушісі Каюпова Ф.Е. қатысушыларға арнайы сертификаттар мен алғыс хаттар табыстады.
2023 жылдың 23 қарашасында Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы филармонияда Төлепберген Әбдірашевтің 75 жылдығына арналған «Maestro» атты еске алу кеші өтті. Кешке «Фармация» кафедрасының кураторлары Ф.Е. Каюпова, К.Ж. Жұмалина, А.С. Санат және А.А. Жалмағамбетова жетекшілік ететін 3, 4 және 5 курс топтары қатысты.
Филармонияда Е.Брусиловскийдің «Дудар-ай» бағдарламасымен симфониялық оркестр өнер көрсетті, онда Ф. Лист пен С. Рахманиновтың әйгілі туындылары оркестердің Бас дирижері және көркемдік жетекшісі Қанат Омаровтың жетекшілігімен орындалды және әнші Жанар Сүлейменованың жеке орындауында бірнеше әндер шырқалды.
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 2023 жылғы 17 қарашада Алматы қаласы Дін істері басқармасымен бірлескен жұмыс аясында Алматы қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD докторы, дінтанушы Тунғатова Ұлжан Аскарбайқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтылды. Сондай-ақ, Спикер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекеттің өркендеуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
2023 жылғы 18-20 қазан аралығында стоматология факультетінің 4 курс студенттері кураторлармен бірге Алматы қаласында өткен Халықаралық стоматологиялық CADEX – 2023 көрмесіне барды. CENTRAL ASIA DENTAL EXPO – кәсіби стоматологиялық іс-шара, Қазақстан және Орталық Азиядағы ең ірі көрме. Көрмеде жабдықтар, құралдар мен жаңа технологиялар ұсынылды. Студенттер тегін мастер-класстарда белсенді қатысты.
2023 жылғы 9-10 қарашада терапевтік және балалар стоматологиясы кафедрасының кураторлары Труш М.В., Белбаева К.А, Танкиева Ж.К. стоматология факультетінің 414 А, Б, 415 А, 405 А, Б топтарының студенттерімен және Физиология курсының кураторы Правин Н.Н. Жалпы медицина факультетінің 201 А, Б тобының студенттерімен бірлесіп «Лудомания» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Іс-шаралардың мақсаты: білім алушылардың физикалық, психикалық, эмоционалдық, әлеуметтік денсаулығындағы ықтимал ауытқулардың алдын алу.
Кураторлар «лудоманияның» салдары туралы, яғни құмар ойындарға патологиялық бейімділік, оларға қатысудың жиі эпизодтары бар екендігін, бұл субъект үшін бұрынғы құндылықтардың (отбасылық, кәсіби, әлеуметтік, материалдық) құнсыздануына әкелетіні туралы айтты.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі кафедралар және кітапханамен бірлесіп, Ұлттық мереке – Республика күніне орай іс-шаралар: конференциялар, дөңгелек үстелдер, кураторлық сағаттар, кітапханада оқырмандарға «Байтақ елім-Қазақстан!», «Необъятная страна – наш Казахстан!» атты көрмелер ұйымдастырылды. Іс-шараларды өткізудің мақсаты: Отан тарихына қызығушылықты дамыту, патриотизм мен азаматтықтың ерекшеліктерін қалыптастыру, рухани тәрбиелеуге және ел алдындағы жауапкершілікке ықпал ету.
АҚПАРАТТЫҚ БЕТ
Өткізілетін орны: Абылай хан 51/53, 402-кабинет.
Өткізілетін уақыты: 10 қараша 2023ж. сағ. 12-00
Қатысушылар: 1 курс студенттері
Іс- шара мақсаты
Кітапхананы пайдалану ережесі және жұмысымен танысу;
Кітапқа және оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
Қажетті ақпаратты іздеу үшін электрондық мәліметтер қорын пайдалануға үйрету
Бағдарламада:
1 курс студенттеріне «Арнау» Алтыналы Алтай ЖМ факультетінің 6 курс студентті
Алғы сөз- Тәрбие ісі жөніндегі проректор Совостьянова Т.А ;
Мұқағали Мақатав сайысының жүлдегері «Мен болашақ
КРМУ студентімін» Сагындык Каусар Қайраткызы.
Оқырман бенефисі «Менің жақсы көретін кітаптарым»- Асанхан Аружан ЖМ 102 Б группасының студенті
Кітапханада деректер базаларын пайдалану туралы тренинг- Сарсенбай К;
Moodle, Platonus және электронды каталог туралы ақпарат.-Алдаберенова Динара
Мағжан Жұмабаевтың 130-жылдығына арналған сөзжұмбақ- Нұрғазина Л.Г, Арыкбаева А.О кітапханашылар
Біз сіздерді күтеміз!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» атағын беруге конкурс жариялады
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «ЖОО – ның үздік оқытушысы-2023» атағын беруге конкурс жариялады.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беруге конкурс өткізу туралы
ақпарат
Конкурстың мәні: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру.
Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Конкурс туралы ақпарат: Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын (бұдан әрі – қағидалар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі (https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/645520?lang=ru).
Конкурсқа жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары болып табылатын, конкурсқа құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2023 жылдың 1-10 қараша аралығында өтеді.
Республикалық конкурсқа қатысу үшін ЖЖОКБҰ ағымдағы жылдың қараша айында ҚРҒЖБМ АЖ арқылы үміткерлердің конкурстық құжаттамасын жібереді:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес форма бойынша «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға өтінім;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімдер көрсетілген тармақтарды қоспағанда, растайтын құжаттар соңғы 5 жылда тіркеледі);
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылдық жоспар – жұмыс кестесі;
4) ЖЖОКБҰ алқалы басқару органының шешімі;
5) жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) карточкалық базада қолданыстағы 20 таңбалы ағымдағы шот туралы хабарлама.
Құжаттарды электронды түрде толтыру туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесінде орналастырылатын болады (universitycontest2023.iac.kz.) конкурстың дербес электрондық мекен-жайы тіркелгеннен кейін.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысу үшін Абылай хан даңғылы 51/53 корпусының «Оқу-әдістемелік орталығы», 810 бөлме, 8 қабат, орталықтың бас маманы А. Ж. Жунусоваға хабарласуыңызды сұраймыз, эл. адрес: a.zhunusova@medkrmu.kz (тел: 8701 122 4080).