Құрметті студенттер!
Оқулықтарды беру және қабылдау кестесі бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыз
Пәндік кітапханашыларға:
2023 жылдың 7 – ші ақпан күні Стоматология факультетінің 1 курс студенттеріне арналған ашық есік күні өтті. Студенттерге кітапхана басшысы М. Б. Валиулина кітапхананы пайдалану ережелері, университет сайтындағы «Кітапхана» айдары туралы айтып берді. Қазақ жазушыларын білу жөнінде, биыл жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толатыны жайында, оның «Раушан» шығармасы туралы әңгіме қозғалды. Абай шығармашылығынан викторина өткізіп, сыйлықтар табысталды.
Кітапхана жайлы видеоролик көрсетілді. Электронды залдың маманы Сарсенбай Қанат кітапханада деректер базаларын және Электронды кітапхананы пайдалану туралы тренинг өткізді.
Кітапхана бойынша экскурсия жасалды. Студенттер әртүрлі тақырыптық көрмелерді тамашалады. Кітапхана мамандары Нургазина Лязат пен Арықбаева Айгүл абонементтен кітап алу тәртібі жайлы түсіндіріп, «Оқу уақыты…» атты буккроссинг акциясымен таныстырды.
Стоматология факультеттінің бірінші курс студенттеріне арналған
ашық есік күні.
Өткізілетін орны: Төреқұлов көшесі, ҚРМУ ғимаратындағы кітапхана
Өткізілетін уақыты: 7 ақпан 2023ж. сағ. 10.00 – де
Қатысушылар: «Стоматология» факультетінің 1 курс студенттері.
Іс- шара мақсаты:
- студенттерді кітапханамен таныстыру;
- кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
- Кітапхананы пайдалану ережесі;
- қажетті ақпаратты іздеу үшін электрондық мәліметтер қорын пайдалануға үйрету;
Бағдарламада:
- Видеоролик «Кітапхана – руханият ордасы», кітап көрмелеріне шолу, кітапханаға экскурсия;
- Кітапханада деректер базаларын пайдалану туралы тренинг;
- «Оқу уақыты…» буккроссинг акциясы (Буккросинг бұл – кітаптың айналыста болуы. Оқырман көрмеден өзіне ұнаған кітапты алып, орнына басқа кітапты қойып кетеді, оны басқа бір адам алып оқиды.);
- Академик М.Алиевтің туғанына 90 жыл толуына арналған кітап көрмесіне шолу.
Кітапханада кітап – иллюстрациялық көрмелері ұйымдастырылған:
- Академик Мұхтар Әлиевтың еңбектері;
- «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған көрме;
- ҚРМУ- нің ОПҚ еңбектері;
- Сирек кездесетін кітаптар көрмесі;
- «Ғылым – болашаққа жол».
Біз сіздерді қуана қарсы аламыз!
Арықбаева А.Ө., 87470142192,
Сәрсенбай Қанат, 87075055749
2023 жылдың 24 қаңтарынан 24 ақпанына дейін 1 ай мерзімге «Лань» баспасы (Санкт-Петербург, Ресей) ЭКЖ-ның Медицина жинақтарына қолжетімділігі бар.
ЭКЖ-мен жұмыс істеу үшін желіге қосылған кез келген университет компьютері арқылы жеке тіркеліп үйден пайдалануға болатының ескертеміз.
Сіздерді медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Мұхтар Әлиевтің 90 жылдығына арналған кітап көрмесіне шақырамыз
Өткізілетін орны: Төреқұлов көшесі, ҚРМУ ғимаратындағы кітапхана
Өткізілетін уақыты: 5 желтоқсан 2022ж. сағ. 15.00 – де
Қатысушылар: «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина» және «Фармация» факультеттерінің 1 курс студенттері.
Іс- шара мақсаты:
- студенттерді кітапханамен таныстыру;
- кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
- Кітапхананы пайдалану ережесі;
- қажетті ақпаратты іздеу үшін электрондық мәліметтер қорын пайдалануға үйрету;
Бағдарламада:
- Видеоролик «Кітапхана – руханият ордасы», кітап көрмелеріне шолу, кітапханаға экскурсия;
- «Жаңа Қазақстан – жаңа қадам». «Қазақстан тарихы және қоғамдық – гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұстазы Сумесинов Асхат Сатыбалдыұлы;
- «Менің мамандығым – дәрігер». ҚРМУ – дың «Жалпы медицина» факультетінің үшінші курс студенті Исмаилов Икрамның әңгімесі.
- Кітапханада деректер базаларын пайдалану туралы тренинг;
- «Оқу уақыты…» буккроссинг акциясы (Буккросинг бұл – кітаптың айналыста болуы. Оқырман көрмеден өзіне ұнаған кітапты алып, орнына басқа кітапты қойып кетеді, оны басқа бір адам алып оқиды.)
Кітапханада кітап – иллюстрациялық көрмелері ұйымдастырылған:
- Классик Мұхтар Әуезовтың ұлылығы =Величие классика Мухтара Ауэзова
- Байтақ елім- Қазақстан!=Необъятная страна- наш Казахстан!
- «Әлемдегі 100 оқулық қазақ тілінде» – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалған көрме;
- Жаңа кітаптар;
- Академик М.Алиевтің еңбектері;
- ҚРМУ- нің ОПҚ еңбектері;
- Сирек кездесетін кітаптар көрмесі;
Біз сіздерді қуана қарсы аламыз!
Арықбаева А.Ө., 87470142192,
Сәрсенбай Қанат, 87075055749
29.09.2022ж. ҚРМУ Кітапханасында «Scopus және Science Direct құралдарына шолу» тақырыбында тренинг өтті. Тренинге университеттің профессорлық оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттаржәне студенттер қатарынан 83 адам белсенді қатысты.Тренинг спикері: Elsevier компаниясының Орталық Азия аймағындағы елдеріндегі ресми өкілі, MD, MPH, PhD кандидаты Рабиға Хожамқұл қатысушыларға Scopus және ScienceDirect журналдарынан ақпарат іздеу, мақала жариялау, түпнұсқа зерттеулер, терең талдау, ағымдағы теория және т.б. бар Life Sciences журналының мақалалары мен кітап тараулары жөнінде баяндады.
27 қыкүйек 2022ж. ҚРМУ Кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Медиалық және ақпараттық сауаттылықтың негізгі дағдылары» тақырыбында онлайн вебинар өтті. Вебинар спикерлері Назарбаев Университетінің ақпараттық- библиографиялық кеңсесінің сарапшы- менеджері Дарья Звонарева мен оқырмандарға қызмет көрсету кеңсесінің сарапшы- менеджері Анар Даутова:
• интернеттен және академиялық ресурстардан ақпаратты табу стратегиялары;
• ақпарат көздерін анықтау және бағалау;
• дереккөздерге сілтеме жасау;
• ақпараттық этика;
• плагиатқа қатысты жан- жақты баяндады.
Вебинарға 47 (оффлайн – 22, онлайн – 25) оқырман қатысты. Спикерлерге оқырмандар тарапынан өздерін қызықтырған көптеген сұрақтар қойылды. Соның ішінде, вебинарға қатысушылар плагиатқа қандай бағдарламада тексеріледі, мақаланың ғылыми бағытқа сәйкес келуі, мақалалар жариялау үшін қандай талаптар қойылады, т.б. мәселелер бойынша ақпараттар алды.
Қорытынды
Медиасауаттылық – бейнелерді (образдарды), дыбыстарды және хабарламаларды алу, талдап-сараптау және бағалау қабілеті, сонымен қатар медиа әлемде жеке мақсаттарда дұрыс байланыс орнату қабілеті. Медиасауаттылыққа мына құзіреттер жатады:
● Эстетикалық және шығармашылық: медиаконтентті зерделеу, жасау және түсіндіру қабілеті.
● Байланыс және коммуникация: медианың жәрдемімен қарым-қатынас орнату және түрлі медиа рөлдерді жобалай білу қабілеті, яғни ақпарат тұтынушы және ақпарат жеткізуші болып көру.
● Сыни ойлау және талдау: медиаформаларды және олардың мазмұнын әртүрлі талдау құралдарының көмегімен түсіну, түсіндіру және бағалау қабілеті.
● Медиа және ақпараттық сауаттылық – медианы, бұқаралық ақпарат құралдарын және басқа да ақпарат көздерін (кітапхана, мұрағат, мұражай) тиімді пайдалану қабілеті. Бұл сыни ойлау және өмір бойы оқу, іздену, білім алу дағдыларымен байланысты. Бұлар – азаматтық қоғамда белсенді өмір сүріп, әлеуметтену үшін өте қажетті дағдылар.
2022 жылдың 12 қыркүйегінде ҚРМУ кітапханасында Clarivate Analytics компаниясының Орталық Азия аймағындағы елдеріндегі ресми өкілі, PhD, ғылыми-метрия бойынша сарапшы, радиациялық материалтану саласы бойынша зерттеуші Кенжина Инеш Ерғазықызының жүргізумен «Web of Science мәліметтер базасын және заманауи ғылыми-метриялық әдістемелерді пайдалану» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке ҚРМУ кітапханасының қызметкерлері, студенттер мен оқытушылар құрамынан 26 оқырман қатысты.
Спикер Кенжина Инеш Ерғазықызы өз баяндамасында Web of Science мәліметтер базасында қалай индекс хиршаны табу, мақаланың халықаралық мәліметтер базасында жариялануы, қазіргі заманғы әрбір ғалымның ғылыми-зерттеу қызметіндегі маңызды қажеттілігіне айналуы, авторлық рейтингті қалай көтеру және онда қандай жаңа мүмкіндіктер бар екенін ашып түсіндірді. Баспаға мақала беру- өте күрделі және ұзақ процесс болса да, көптеген ғалымдарымыздың жұмыстары Web of Science базасында мақалалары жарияланғандығын атап өтті. Ғылыми-зерттеу белсенділігінің деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингі- яғни рецензияланатын ғылыми басылымдарда жариялаған ғылыми-зерттеу мақалаларының саны туралы статистикалық деректердің салыстырмалы талдауы көрсетілді.
МАҚАЛАЛАРДЫҢ ТҮПНҰСҚАЛЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ, РЕЦЕНЗИЯЛАУ ЖӘНЕ ЖАРИЯЛАУ ТӘРТІБІ:
• Журналда жариялау үшін келіп түскен барлық мақалалар түпнұсқалылықты анықтау және рецензиялау рәсімінен міндетті түрде өтуге жатады.
• Журнал редакциясы мақаланың техникалық ресімделу талаптарына сәйкестігін анықтайды және оны плагиатқа тексеру және түпнұсқалылығын айқындауға жібереді.
• Түпнұсқалығы анықталғаннан кейін журнал редакциясы электрондық пошта арқылы мақаланы ғылым докторы немесе ғылым кандидаты / философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар кемінде 2 маманға рецензиялауға жібереді..
• Әрбір жеке жағдайда рецензиялау мерзімі мақаланы жедел жариялау үшін жағдай жасауды ескере отырып, журнал редакциясымен анықталады.