2022 жылдың 30 мамырында университетте Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.С.Сумесиновтың ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған патриоттық іс-шара өтті, оған жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Алаш партиясының Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы күресіне арналған баяндамалар мен презентациялар жасалды. Алаш арыстарының саяси қызметі, халықтың тағдыры мен рухани мұрасы көрсетілді. Алаштың Отанға қызмет етудің үлгісі болған адамгершілік өсиеттері, білім мен ғылым жолындағы ізденістер туралы тарихи дереккөздерден мысалдар келтіріліп, болашақ ұрпақтың жадында мәңгі сақталуға тиіс өлеңдер оқылды.
2022 жылдың 25 мамырынан бастап университетте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар (конференциялар, дөңгелек үстелдер, кураторлық сағаттар) өткізілді. Іс-шараларды өткізудің басты мақсаты-еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды насихаттау, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.
Іс-шаралар барысында мультимедиялық презентация форматында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихы, авторлары туралы баяндамалар дайындалды, Қазақ мемлекеттік рәміздерінің негізгі компоненттерінің: Елтаңба, Ту және Әнұранның қалыптасуы, эволюциясы және қазіргі жағдайы туралы фильм ұсынылды.
2022 жылдың 6 мамырында Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Қарғалы мекен-жайындағы қарттар үйінде Жалпы медицина факультетінің 511А және 513Б топтары студенттерінің күшімен дайындалған концерт өткізілді. Іс – шара ТЖМ және ЖШМК кафедрасының кураторлары Ж.К.Жубатканова және Д.Н.Султанованың басшылығымен өтті. Концерттің соңында «Жеңіс күні» әні шырқалды. Іс-шараның мақсаты: жастардың патриоттық сезімін, өз Отанына деген сүйіспеншілігін және жеңіске жеткен адамдарға құрмет сезімін қалыптастыру.
2022 жылдың 5 мамырында университетте Ұлы Жеңістің 77-жылдығына, ҚР Қарулы Күштерінің 30-жылдығына және Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны университет ректоры, м.ғ.д., профессор Н.Т. Джайнакбаев, ашты, мерекеге: запастағы генерал-майор, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бұрынғы кеңесшісі В.В. Тузиков, ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпитальдің басшысы, полковник С.Е. Сәрсенбаев және т.б., Алматы қаласы ауруханаларының бас дәрігерлері, ақсақалдар мен профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен университет студенттері. Оқушылардың күштерімен дайындалған мерекелік концерт, «Мықты бол!» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шара спорттық іс-шаралардың жеңімпаздарын марапаттаумен, дипломдар мен сыйлықтарды табыстаумен аяқталды.
Сіздерді электронды студенттік картаның нұсқауларымен танысуға шақырамыз инструкция студенческий каз
Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес 2022 жылғы 21-22 сәуірде Алмалы ауданы әкімдігі білім бөлімі Қазақ спорт және туризм академиясы базасында студенттер арасында шағын футболдан қалалық турнир өткізді.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда дене шынықтыру және спорт шараларын кеңінен насихаттау, жастарды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, жастар арасындағы мықты спортшылар мен командаларды анықтау.
Жарыс Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) ережелері бойынша өткізілді. Жарыста табандылық танытқан біздің ҚРМУ құрама командасы жартылай финалға дейін жетіп, мықты қарсылас Ұлттық студенттік футбол лигасының қатысушылары АЛТ құрамасымен кездесті. Турнир қорытындысы бойынша ҚРМУ құрама командасы 4 орынға ие болды.
2022 жылдың сәуір айында Жалпы медицина факультетінің 303 Б және 306 Б тобының студенттері С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен патологиялық физиология бойынша қалалық пәндік олимпиадаға қатысты. Біздің команда жүлделі 2 орынға ие болды, барлық қатысушылар дипломдар және сертификаттармен марапатталды.
2022 жылдың 11 сәуірінде Жалпы медицина факультетінің 214 топ студенттері кураторы Н.М. Жолдасбаевамен бірге әр түрлі ұлт пен жастағы 110 бала тәрбиеленіп жатқан «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйіне барды. Осы күні студенттер балаларға мерекелік атмосфера сыйлады. Балалар қарым-қатынас қуанышын, жылулықты, шынайылықты, біздің студенттердің қамқорлығы мен назарын сезінді. Сонымен қатар көктем мезгілінің келуіне байланысты студенттер балалар үйіне сенбілік ұйымдастырып, ауланы тазартып, игі іс жасады.
2022 жылдың 12-15 сәуір аралығында университет студенттері бірінші курс студенттерінің факультетаралық спартакиадасына бағдарламаның 5 түрі – волейбол (ерлер, әйелдер), үстел теннисі, шахмат және арқан тарту бойынша белсенді қатысты. Спартакиадаға барлық факультеттердің 1 курс студенттері атсалысты.
Қыздар арасындағы волейболдан жарыста Жалпы медицина факультетінің 1 курс құрама командасы жеңіске жетті, екінші орында – Фармация және Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті, үшінші орынды – Стоматология факультетінің құрама командасы иеленді.
Үстел теннисінен аралас құрама командалар (2 ер және 1 әйел) жарысты, тартысты күресте Стоматология факультетінің құрама командасы жеңіске жетті, 2 – орында Жалпы медицина факультетінің командасы және 3- орында-Фармация және Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті құрамасы жеңіске жетті.
Шахмат турнирінде орындар келесідей бөлінді: 1 -орын Жалпы медицина факультетінің командасы, 2- орын Стоматология факультетінің командасы және 3 –орын Фармация және Қоғамдық денсаулық сақтау құрама командасы.
Ерлер волейболында Жалпы медицина факультетінің командасы жеңіске жетті, екінші орында – Стоматология факультетінің бірінші курс студенттерінің құрамасы, үшінші орында – Фармация және Қоғамдық денсаулық сақтау командасы.
Алғашқы рет арқан тартыс (Арқан тарту) жарысы өткізілді, тартысты күресте бірінші орынды Жалпы медицина факультетінің құрама командасы, екінші орынды Фармация және Қоғамдық денсаулық сақтау құрама командасы иеленді, өкінішке орай, Стоматология факультеті команда шығара алмады.
Кешенді сынақтың қорытындысы бойынша 1 орынды Жалпы медицина факультетінің 1 курс құрама командасы, екінші орынды Фармация және Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің құрама командасы, үшінші орынды Стоматология факультетінің командасы иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және командалық дипломдармен марапатталды.
2022 жылдың 28 наурызынан 8 сәуіріне дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Оңтүстік-Шығыс дивизионының (Алматы қ. және Алматы облысы) жоғары оқу орындары арасында Студенттік спорт лигасының бағдарламасында волейболдан аймақтық кезең өтті.
Біздің университеттің волейбол құрама командасы алғаш рет осындай деңгейдегі жарыстарға қатысты. Қыздар командасы дене шынықтыру кафедрасының оқытушысы Н.У. Чыныбаевтың жетекшілігімен 14 команданың ішінен 7-ші орынға ие болды. Жасөспірімдер командасы 15 командадан 5 орын алды.
Қызу тартыста турнир қатысушылары өз шеберліктерін көрсетті. Оңтүстік-Шығыс дивизионының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарыстың финалдық бөлігіне қатысады, онда Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының үздік командаларымен жарысады.