2022 жылғы 19 қазанда барлық факультеттердің 1 курс білім алушыларына «Жастар арасында түсік түсірудің алдын алу. Контрацепция» салауатты өмір салты мәселелері бойынша онлайн кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараны тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі ұйымдастырып, Акушерлік және гинекология кафедрасының оқытушылары С. А. Нұрғалиева және З.Е. Ержан өткізді. Кездесуде қазіргі жастарды толғандыратын маңызды мәселелер қозғалды. Дәріскер С. А. Нұрғалиева ерте жыныстық қатынастың қауіптілігі, жастар арасында түсік түсіру санының өсуі, түсік түсіруден кейінгі асқынулар, оның денсаулыққа зияны туралы айтып берді. Олар сондай-ақ ерте жаста отбасын құрудың орынсыздығы, жүктіліктің алдын алу әдістері, жалпы жыныстық тәрбие проблемалары туралы айтты. Сондай-ақ, студенттер арасында Сұрақ-жауап түрінде пікірталас өткізілді, онда олар осы мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті.